Адам пайғамбар. Уәкілдік ете ала ма? ...жалғасы
Адам пайғамбар. Уәкілдік ете ала ма? ...жалғасы

 Уәкілдік ете ала ма?

(Мұхаммед с.а.с) сол уақытта Раббың періштелерге: «Әрине Мен жерде бір орынбасар жаратамын» деген еді. (Бақара 30 аят)

Яғни Алла Тағала періштелерге: «үкімдерімді әмір етуде уәкілдік қылатын орынбасар жаратамын» деген еді. Уәкілдің мәртебесі асыл иенің мәртебесімен өлшенеді. Асыл Ие Жаратушы Алла болса, уәкіл Адам еді. Сондықтан періштелер уәкілдік етушінің мәртебесі мен жауапкершілігінің ауырлығын ойлап, ол бұл жүкті қаншалықты көтере алады, нәпсісінің қалауына беріліп, уәкілдік ете алмай қалады ма? - деген қорқынышпен Алла Тағалаға:

(Періштелер:) «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтаумен пәктеудеміз» деді. (Бақара 30 аят)

Періштелер адам баласының бұзғыншылық жасап, қан төгетінін қалай білген? Бұл жайында үш түрлі көзқарас орын алады.

  1. Жер бетінде адамдардан бұрын жын тайпалары өмір сүріп, бұзғыншылыққа түскен. Солардың жағдайынан білген.
  2. Тағдыр кітабы Ләухы махфуздан көріп білген. Періштелер тағдыр кітабын көре алады.
  3. Анасыр арбағадан білген. Анасыр арбаға: су, топырақ, от, ауа. Адам баласы осы төрт нәрседен жаратылған. Бұлар бір-біріне теріс заттар. Адам баласының да мінез-құлқы мен көзқарастары бір-біріне теріс. Періштелер осы себептен бұзғыншылық жасайды деп ойлады. Әйтпесе бұл сұрақтары Алла Тағалаға қарсы келулері емес еді.

    Алла: «Мен сендердің білмегендеріңді жақсы білемін!» - деді. (Бақара 30 аят)

    Яғни, Алла Тағала: «Уәкілдіктің хикметі мен себептері және оған лайық болу мәселесі бар. Мен сендер білмеген қаншама нәрселерді білгенім секілді, бұл мәселені де білемін!» - деді.

  Жалғасы бар... 

TaOmirbekuliTaOmirbekuli
6 лет назад 3035
Комментарии закрыты.
О блоге