Адам пайғамбар. Өмір мен өлімнің өлшемі.
Адам пайғамбар. Өмір мен өлімнің өлшемі.

ТАРИХ

Исламда тарих үшке бөлінеді

  1. Исламнан бұрын өмір сүрген үмметердің тарихы. Бұл тарихтың барлығына сенуге болмайды. Бұл тарихты Құран кәрімге және пайғамбарымыздан жеткен сахих хадистерге сүйене отырып оқу қажет.
  2. Ислам діні келгеннен бастап алғашқы үш ғасыр аралығындағы ислам тарихы.
  3. Исламның үшінші ғасырынан кейінгі тарих.

Біз бұл бастамамызда исламнан бұрын өмір сүрген үмметтердің тарихын баяндағалы жатырмыз. Бұл да пайғамбарлар өмірінен сыр шертумен жүзеге асары анық.

 

АДАМ ПАЙҒАМБАР (А.С)

Өмір мен өлімнің өлшемі

  Шын мәнінде Алланың  қасында Иса (а.с)ның жағдайы: Өзін топырақтан жаратып, сонсоң «бол» дегенде бола қалған Адам (а.с)ның жағдайы сияқты. (Әли Имран сүресі 59 аят)

Аят кәримада баяндалғанындай Адам пайғамбар (а.с) топырақтан жаратылған. Бұл жайлы көптеген тарихшылар өз  кітаптарында мына бір оқиғаны келтіріп жазады:

 Алла Тағала Адам пайғамбарды жаратар шақта жер бетіне назар салып: «Мен сенен бір мақлұқ жаратамын, алайда олардың  кейбірі  маған бой ұсынады, ал кейбірі әміріме құлақ аспай маған қарсы келеді. Бой ұсынғандарын жәннатыма кіргіземін, қарсы келгендерін тозағыма саламын» - дейді. Сонан соң Жәбірейілді (а.с) жер бетінен топырақ алып келуі үшін жолдайды. Сол сәтте жер, Жәбірейілге (а.с): «Мен сенің менен бір нәрсе алып, мені  қиын жағдайда қалдыруыңнан Алла Тағалаға сиынамын, бұлай жасауыңды қаламаймын. Өйткені  Алла Тағала менен бір мақлұқ жаратады, ол мақлұқ Аллаға қарсы келеді. Соның себебімен мен де жазаға ұшырап қаламын ба деп, қорқамын» - дейді. Бұл сөзден кейін Жәбірейіл періште жерден еш нәрсе алмастан кері қайтады. Алла Тағалаға: «Ей, Раббым Алла жер сенен қорқып, маған  мұңын шақты мен одан ешнәрсе ала алмадым», - дейді. Содан кейін Алла Тағала Микайлді (а.с) жібереді. Жер тағы да мұңын шағып, Алла Тағалаға сиынады. Микаил періште де ешнәрсе алмастан Алланың құзырына шығып, себебін айтады. Үшінші ретінде Алла Тағала өлім періштесі Әзірейілді (а.с) жібереді. Сонда жер тағы да мұңын айтып, Аллаға сиына бастағанда Әзірейіл (а.с): «мен де Алланың әмірін орындамай қалудан Аллаға сиынамын, бұл менің міндетім» - деп жер бетінен қызыл, ақ, қара етіп үш түрлі топырақты алады да араластырды. Сонан соң Алла Тағаланың құзырына жеткізеді.

Жалғасы бар...

TaOmirbekuliTaOmirbekuli
6 лет назад 4946
Комментарии закрыты.
О блоге