Адам пайғамбар. Сен дыбыс шығару үшін ғана жаратылмадың! ...жалғасы
Адам пайғамбар. Сен дыбыс шығару үшін ғана жаратылмадың! ...жалғасы

Сен дыбыс шығару үшін ғана жаратылмадың

(Мұхаммед с.а.с) сол уақытта Раббың періштелерге: «Бейнеленген қара балшықтың кеуіп, сыңғырлағанынан Адам (башар) жаратамын» деді. (Хижр 28 аят)

Алла Тағала Адамның (а.с.) денесін Жәннатта жаратып, Өз қалауынша сол жерде қалдырды. Сол уақыттарда Ібіліс малғұн оның маңайында шыр-көбелек айналып, ішінің бос әрі өзіне қарсы күшсіз екендігін түсінді де: «Мен бұны оп-оңай жеңе аламын», - деді. Осылай дей тұра ішінде бір қорқыныш ұялады. Жансыз дененің маңайынан өткен сайын оны теуіп көретін болды. Сонда денеден тықылдаған бір дыбыс шықты. Сол дыбысқа қарсы Ібіліс малғұн: «Сен осылай дыбыс шығару үшін ғана жаратылмадың. Сен ұлы бір мақсат үшін жаратылдың. Егер мен сенен басым болсам, әлбетте сені жоқ етемін. Ал, сен менен басым болсаң, онда саған қарсы келіп, сені жолыңнан тайдырамын», - деп  үн қатты. Ібіліс періштелерге де: «Егер Адамның мәртебесі сендерден жоғары болса, не істейсіңдер», -деп сауал тастады. Сонда періштелер: «Біз Раббымызға бой ұсынамыз», - деп жауап қатты. Ібіліс тағы да ішінен: «Уаллаһи мен оған қарсы келемін», - деп долданды.

 Жалғасы бар...

Адам, пайғамбар, жай жаратылмадың, ұлы мақсат
TaOmirbekuliTaOmirbekuli
6 жыл бұрын 3139
Пікір білдірілмейді.
Блог туралы